AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әртістер мен вайнерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады - Қошанов жаңа заң жобасы жайлы

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қаржылық пирамидаға қарсы іс-қимыл заң жобасының әзірленіп жатқанын хабарлады. Ол бойынша, алаяқтық ұйымдарды жарнамалайтын вайнерлер мен әртістерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жақында болған қайғылы оқиғаны білеміз. Қазіргі таңда қаржылық пирамидалар үлкен проблемаға айналып отыр. Әсересе, аймақтарда жағдай қиын. Өйткені халық танымал әртістер, вайнерлер, қоғам белсенділері жарнамалайтын дүниеге сенеді. Олар соңғы ақшаларын салады, нәтижесін көріп отырмыз.

Біз депутат Юрий Лидің бастамасымен заң жобасын әзірледік. Қазір топ жұмыс істеуде. Жақын арада заң жобасын қабылдаймыз деп ойлаймын. Алаяқтық схема екенін біле тұра, қаржылық пирамиданы жарнамалайтын вайнерлер мен әртістерге қылмыстық жауапкершілікті белгілеп жатырмыз", - деді Қошанов Мәжіліс кулуарында.



Еске салайық, 10 ақпанда белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржылық пирамидаға қатысты іс бойынша айыпталушы ретінде танылғаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, оның ортақ иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпанда Саидбаевқа Алматы полициясы іздеу жариялағаны белгілі болды. 

Сәуірдің 11 күні Нұр-Сұлтанда Алматы тұрғыны Бағила Досмаилова осы іс бойынша тергеудің жүріп жатқанына наразы болып, өзін-өзі өртеп жіберді. Абырой болғанда әйел аман қалды. Ол өз-өзіне қол жұмсамай тұрып жазған хатында өзінің өліміне Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың кінәлі екенін айтқан. Бұл оқиғаға қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

20 сәуірге қараған түні Төребаев пен Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды. Тұтқынға алынғаны туралы ақпарат тарамас бұрын Төребаев видео хабарлама жасап, онда ол өзінің құрбан болғанын және қаржы пирамидасының қызметінен пайда таппағанын айтқан. Алайда 13 сәуірде Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев "Төребаев құрылтайшы болмай тұрып-ақ компаниядан тұрақты төлемдер алып отырған" деген мәлімдеме жасады.

Сонымен бірге, дәл сол бейне үндеуде Төребаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі полицияға Mudaraba Capital қаржы пирамидасы туралы 2020 жылы ескерткенін қосып өткен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр