Елімізде Парламент таратыла ма? Мәжіліс спикері жауап берді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов баспасөз алаңда БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, Парламентті тарату мәселесі талқыланып жатпағанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әзірге ондай мәселе талқыланып жатқан жоқ. Бірақ мен Президент саяси реформаларды жариялағанын айта аламын. Біз тиісті конституциялық және өзге де заңдарды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек. Әзірге ондай мәселені талқылаған жоқпыз", - деді Мәжіліс төрағасы.
Мәжіліс спикері өзі төрағалық ететін "Amanat" партиясының саяси науқандарға дайын екенін де айтты.
"Кез келген партия саяси күреске дайын жүруі керек. Ертең сайлау жарияланса, әрине, біздің партия дайын", – деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов AMANAT партиясы атынан президент сайлауына қатысу туралы сауалға жауап берген еді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған