AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының кепілдіктері мен айрықша құқықтары туралы заңды алып тастау жоспарланып отыр – Ерлан Қошанов

Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасы туралы заңды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл Конституцияға сәйкес өзгертулер енгізілген соң жүзеге асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаев

Бұл туралы спикер Ерлан Қошанов Мәжіліс кулуарында айтты. 

"Конституцияға өзгеріс енгізілген соң Елбасы мәртебесі алынып тасталады. Ата заңымызда Назарбаев тек елдің негізін салушы ретінде қалады. Бұл өзгеріс қабылданған соң Тұңғыш президент туралы заң өз күшінен айырылады", - деді ол. 



Сондай-ақ, ол аталған нормаға қатысты халықтың ой-пікірі қалай ескерілуі мүмкін екенін де айтып өтті.

"Енді ол референдум бола ма, Парламент арқылы өте ме, болашақта шешілетін мәселе. Қазір Конституциялық кеңестен сол рәсімді біз өткізуіміз керек. Заңнамада экс-президент туралы норма бар. Бірінші Президентке де сол норма қатысты болады", – деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш президент ретіндегі мәртебесі Конституцияда бекітілетіні туралы хабарлаған едік.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр