Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кетті
Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы ретіндегі өкілетін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады.
"Өз еркімен өкілетін тоқтатты. 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды", - деді Сухоносенко.
Қазақстанның экологтарын біріктіретін экологиялық ұйымдар қауымдастығы 2017 жылы құрылды. Оған құрылған сәттен бастап Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева жетекшілік етті.
Ұйым қоршаған ортаны қорғау бойынша бастамаларға қолдау көрсетіп, халықаралық байланыстарды арттыру мақсатында құрылған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"