Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш президент ретіндегі мәртебесі Конституцияда бекітіледі
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі Қазақстанның Конституциясында бекітіледі. Бұл туралы конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұңғыш Президенттің мәртебесі мәселесіне келетін болсақ, бізде бұл Конституция және конституциялық заңдармен реттеледі деп жазылған. Жұмыс тобы бұл мәртебені Конституцияның өзінде анықтауы керек, бұл норманы нақтылайтын заңдарға емес, Конституцияның өзіне жүгіну керек деген қорытындыға келді", – деді Ермек Әбдірасулов.
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы. Яғни бұл мәртебе анықталады.
"Бұл үлкен маңызға ие болады деп ойлаймын, өйткені сол еңбектер, объектив деректі бәріңіз көрдіңіздер, бүкіл әлем көріп отыр. Ол Конституцияда бекітіледі", – деді Әбдірасулов.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"