AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Болат Назарбаев иелік ететін базарда бұзылмаған заң жоқ": Бозымбаев "Алтын Ордадағы" тексеріс туралы айтты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Алтын Орда" базарындағы тексеріс кезінде санитарлық, экологиялық, құрылыс және көші-қон талаптардың бұзылғаны анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

базар

"Алтын Орда" базары үш компанияға тиесілі. Екі жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен бір жеке кәсіпкерлік. Олардың артында Болат Назарбаевтың отбасы тұр – ұлы және туыстары", - деді Қанат Бозымбаев. 

Ол екі ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев базарды тәртіпке келтіру туралы тапсырма бергенін айтып өтті. 

"Өкінішке орай, біз базарға кіре алмадық. Себебі кәсіпорын шағын және орта кәсіптен тұрады. Ал қазір шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған. Біраз уақыт тұралап қалдық, бірақ кейін базардың шағын және орта кәсіп емес екенін дәлелдедік. Бас прокурор ауысты, жағдайды бағалап, нақты нұсқау берді", - деп қосты Бозымбаев. 



Әзірге тексеріс нәтижесі жарияланған жоқ. Бұған қарамастан санитарлық, экоогиялық және құрылыс нормалары бұзылғаны анықталған. 

"Мұнда бұзылмаған заң жоқ. Сонымен қатар көші-қон заң жобасы да", - деді әкім. 

Жақында базар аумағынан елге заңсыз кірген 250 мигрант анықталды. Бозымбаев базарды тәртіпке келтірудің қиын екенін жасырмады. Өйткені қазір иесін рейдерлікпен шұғылданды деп айыптап, сотқа шағым түсірген. 

Айта кетейік, бұған дейін Қанат Бозымбаев Алматы облысында бейресми жетекшілер болғанын айтқан еді. Айтуынша, қазір олар өңірді басқармайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр