AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында бейресми басшылар болған – Бозымбаев

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында облыста бейресми жетекшілер болғанын айтты. Сөзінше, олар қазір өңірді басқармайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бозымбаев

Өңір басшысы қаңтар оқиғасын еске алып, қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушылар бір-бірімен байланысын үзбей, бірлесе жұмыс істегенін атап өтті.



"Гибрид тәсіл болды – халықтың наразылығын пайдалану. Қанағаттанбайтын нәрсе, нақты алғышарттар болды: белгілі бір дәрежеде жастар арасындағы жұмыссыздық және басқалары. Бізде Алматы облысының өз ерекшеліктері бар, оны тек әкімдер, әкімдік және құқық қорғау органдары басқармайды. Онда бейресми жетекшілер болған. Бақытымызға қарай, қазір олар басқармайды", – деп бөлісті Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қаңтар оқиғасы кезінде генерал Серік Күдебаевтың ауылына қашып кеткенін мәлімдеген еді. Сөзінше, Күдебаевты таңға таяу Талдықорғаннан 300 шақырым жерден тапқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр