Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әртіс боламын": Айжұлдыз Адайбекова әншілікке бет бұрды

Айжұлдыз Адайбекова ән жаздырып, шоу-бизнеске қадам басты. Бұған дейін блогер ретінде танылған бикеш енді әртіс болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжұлдыз Мансұр Гатауов есімді өнерпазбен бірігіп фит жазған. 

"Бүгін менің Мансұр Гатауовпен бірігіп жазған алғашқы әнім шығады. Біз музыкасымен бір ай жұмыс істедік. Бұл мен үшін жаңа бастама, жаңа қадам болғанымен, сондай жаныма жақын, таныс дүние. 13 жыл музыкалық мектепте білім алып, оны көрсетпеу – күнә. Сондықтан әртіс болғым келеді және боламын. Ең бастысы, сіздердің қолдауларыңыз. Күшті болады. Сіздерді жақсы көремін және шын мәнінде толқып тұрмын", – дейді Адайбекова. 



Музыкалық мектепте білім алған Айжұлдыз бірнеше аспапты меңгерген. Әншілік қабілеті де жоқ емес. Алайда бикеш соңғы 5 жылдан бері әнмен айналыспай кеткенін, сол себепті жаны ауырғанын мойындады. 

"Өзіме қарсы шығып жатқанымды біліп, сезіп жүрдім. Өйткені музыка мен шығармашылықсыз өзімді тірі адам сезінбеймін", – дейді Адайбекова.

Талқылау