Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France 24 телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды.

Фото: newsarmenia.am
Сұхбатта Никол Пашинян Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт орындалмағанын атап өтті.
"Біздің ойымызша, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, әсіресе, 2021-2022 жылдары орындалмады және мұны біз байқамай қала алмадық. Біз осы шартқа қатысуымызды уақытша тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік", – деді Пашинян сұхбатында.
Сонымен қатар Пашинян қазіргі уақытта Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік "мүмкін емес" деп мәлімдеді.
Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында Армения Әзірбайжанға шабуыл жасамау туралы келісімге қол қоюды ұсынды.
Бұған дейін Әзірбайжан мен Армения тұтқындармен алмасуға және бейбіт келісімге келгендерін мәлімдегенін жазған едік.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды