Ақтөбеде жаңа туған нәресте пакетке оралған күйі қоқыстан табылды

23 мамыр күні Ақтөбеде Тургенев көшесіндегі қоқыс салатын жәшіктердің бірінен пакетте оралған нәресте табылды. Сәбиді өткен-кеткен адамдардың бірі байқап қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адамдар сәбидің жылап жатқан даусын естіп қалған. Олар пакеттегі баланы тауып, қоқыс жәшігінен алып шықты. Куәгерлер полиция шақырған. Кейін бала табылған мекенжайға жедел жәрдем қызметкерлері келді.
“Сәби дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының полциясы.
Қазір полиция баланың анасын анықтап жатыр, сондай-ақ нәрестенің не себепті қоқыс жәшігіне тасталғаны тексеріліп жатыр.
Бұған дейін Астана маңынан пакетке салынған жаңа туған нәресте табылған еді. Қосшы қаласында жол жиегіндегі жеке секторлардың бірінен шамамен 6–7 айлық жаңа туған нәресте салынған пакет табылғанын @nayza_kokshe паблигі хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның өлі туғаны немесе туғаннан кейін өлгені анықталмақ.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Оқыңыз