Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық сарбаздың соққыға жығылуы: Ата-анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

сарбаз аурухана әлімжеттік

Фото: magnific.com

Ақтаудан Ақтөбеге әскерге шақырылған 18 жастағы сарбаз ауруханаға түсті. Ата-анасының айтуынша, сарбазды сержанттар бірнеше рет соққыға шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде әскери борышын өтеп жүрген ұлының ауруханаға түскенін ата-анасы кездейсоқ білген. Оларға осыдан үш күн бұрын дәрігерлер хабарласып, баласы емдеу мекемесінде жатқанын айтады. Сарбаз дәрігерлер көмегіне кіші дәретке шыға алмаған соң жүгінген. Ауруханаға түскен бойда бозбаланы алдымен уролог қараған. Талдаулардан инфекция анықталмаған соң, травматолог шақырылыпты. Толық тексеруден соң ғана оның жарақат алған-алмағаны белгілі болады.

Әскерде әлімжеттік көргенін сарбаз ата-анасына өзі айтып берген. 

“Ауруханада жатыр. Баладан зәр шықпай жатыр деп айтты. Сонымен отырдық та, 15 сағатта  келдік. Баланың жағдайы осындай болып жатыр. Катетермен балам зәрін шығара алмай жатыр. Көзі ішіне кіріп кеткен. Үш сержант, үшеуі жабылып ұрды деп айтпады. Айтқаны, киім сақтайтын орында, камера жоқ жерде жиі ұрады екен”, – дейді сарбаздың анасы.

Айта кетейік, Еркебұлан Досымбеттің Ақтөбедегі 6655 әскери бөліміне келгеніне небрі үш ай болыпты. Қазір бұл бөлімде тексеру жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары да қылмыстық іс қозғап, тергеуге кіріскен.

6655 әскери бөлімі командиірінің орынбасары Төлеген Тұрақбаевтың айтуынша, Батыс өңірлік қолбасшысы, әскери полиция басқармасының бастығы Ақтөбе қаласында сол күні сарбаздың ата-анасымен кездесу ұйымдастыры, тергеу жүргізілген. Бүгінде сарбазға қойылған диагноз нақтыланбады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі әскери бөлімде борышын өтеп жүрген сарбаз соққыға жығылғанын айтқан еді. 

Сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева 18 жастағы ұлы Досымбеттің 3 шілдеден бастап Ақтөбедегі Ұлттық ұланның №6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргенін айтқан.

Әйелдің сөзінше, 4 қыркүйекте оған ауруханадан қоңырау шалып, ұлының үш күннен бері медициналық мекемеде жатқанын хабарлаған.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 08 Қыркүйек, 2026 08:07