Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе – Астрахань тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза тапты

Жол апаты
Фото: Жасанды интеллект

Қандыағаш қаласының маңында Ақтөбе – Астрахань республикалық автожолының 94-шақырымында адам өліміне әкеп соққан жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, Toyota Camry маркалы екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, көліктердің салондарында болғандардың ешқайсысы аман қалмаған. Жол апатынан алты адам қаза тапты.

Марқұмдар – Ақтөбе және Атырау облыстарының тұрғындары.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Полиция департаменті қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық шегінен аспауға және қала сыртындағы жолдарда аса мұқият болуға тағы да шақырды.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, алты адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 19:11