Көлік қарсы бағытқа шығып кеткен: Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты
Жетісу облысындағы "Сарыөзек – Көктал" автожолында көлік апаты болып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апат автожолдың 110-шақырымында болған. Жол апатына екі Chevrolet Cobalt автокөлігі қатысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
“Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады өңірлік полиция.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, Шымкент маңында жантүршігерлік жол апаты болып, бір әулеттің үш адамы қаза тапқанын жазғанбыз.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді
Көрермен менен қорқып, жиіркеніп отырды
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар
