Есірткі, ақша, қару-жарақ: Полиция арнайы операция жүргізіп, жиырмадан аса адамды ұстады
Ішкі істер министрлігі қазан айындағы есірткі тарату фактілерін анықтау бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарынан анықтады. Ұсталған адамдардың саны 20-дан асады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ІІМ-нің мәліметінше, қылмыскерлер Ақмола облысында Көкшетау, Щучинск және Бурабай курорттық аймағында ұсталған. Оларды жалпы саны 11 адам.
“Олардың қатарында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, курьерлер және өзге де тұлғалар бар. Тінту іс-шаралары барысында "Тропикамед" препаратының 50 мыңнан астам құтысы және осыған ұқсас басқа да препараттардың шамамен 4 мың бірлігі тәркіленді. Сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер, бірнеше автокөлік және ірі көлемдегі ақша қаражаты, оның ішінде шетел валютасы анықталып, тәркіленді”, – деп жазды министрлік.
Ал Қарағанды облысында Қарағанды және Теміртау қалаларында 10 адам істі болып отыр. Олардың облыс бойынша есірткі таратқаны анықталған.

“Тінту барысында психоактивті заттар, травматикалық және суық қару анықталып, тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.
Еске сала кетейік, Алматыда полицейлер печеньенің ішіне жасырылған, өсімдік тектес 150 грамға жуық есірткі затын тәркіледі. Есірткі заттарын заңсыз айналымға шығарды деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды.
"Өзімнен 5 жас үлкен әйел мені асырағысы келді": Актер Олжас Тоғымбет жеке өмірі туралы ашық сұхбат берді