Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Collins сөздігі "Mogging" ұғымын жыл сөзі деп таңдады: Бұл қандай мағына береді

сөздік
Фото: Pexels

"Mogging" сөзі әзіл ретінде біреуден немесе бір нәрседен артық болу, оны көлеңкеде қалдыру немесе басым түсу мағынасында қолданылады. Бұл сөз Collins ағылшын сөздігінің нұсқасы бойынша 2026 жылдың сөзі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Z және Alpha буындары арасында кеңінен таралған "mogging" сөзі интернетте ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста да жиі қолданыла бастаған. 2026 жылы бұл сөздің қолданылу жиілігі 210%-ға артқан. Collins компаниясының басқарушы директоры Алекс Бикрофттың айтуынша, сөздік мамандары сөздердің қаншалықты жиі қолданылатынын зерттеп, тілдегі соңғы өзгерістер мен жаңа үрдістерді анықтау үшін олардың қолданыс ерекшеліктерін талдайды.

Оның сөзінше, "mogging" сөзінің жыл сөзі ретінде таңдалуы әр буынның тілдің дамуына өзіндік үлес қосатынын көрсетеді. Z және Alpha буындарының өкілдері бұл сөзді өздері қабылдап, оны әзілге негізделген сленгке айналдырғанын айтты. Осылайша, жастар тілді өз стиліне бейімдеп, өзгелерден ерекшеленудің жолын тапқан.

"Mogging" сөзін "mugging" немесе "mugging off" тіркестерімен шатастырмаған жөн. Ол біреуден басым түсу, оны өзінен төмен көрсету немесе өзгеден артық болу деген мағынаны білдіреді. Көбіне адамның сыртқы келбетіне қатысты қолданылады.

Айта кетейік, 8 қазан күні 61 жастағы әйел АҚШ-тың Юта штатында өткен Huntsman World Senior Games атты қарт адамдарға арналған әлемдік ойындарда планка жаттығуын 5 сағат бойы орындап, өзінің әлемдік рекордын жаңартты.

 

Ислам Әден
Сәрсенбі, 04 Қараша, 2026 10:39