ВИЧ-тің алдын алатын тиімді препараттың ең арзан баламасы мақұлданды
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы ВИЧ-тің алдын алуға арналған ленакапавир препаратының генерикалық нұсқасын мақұлдады. Енді 120 елдің тұрғындары үшін препарат қолжетімді әрі арзан болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рostimees порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа мүмкіндік ВИЧ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға арналған PrEP профилактикалық препаратының арзанырақ нұсқасын шығаруға мүмкіндік береді. Ол үш айда бір рет инъекция арқылы енгізіледі.
Зерттеу нәтижелері ленакапавирдің тиімділігін көрсеткен. Препаратты қабылдаған ВИЧ жұқтыру қаупі жоғары адамдар арасында жаңа инфекция жұқтыру жағдайлары нөлге жуықтаған.
Айта кетейік, әлемде ВИЧ-тің алдын алу үшін жылына екі рет қана енгізілетін препарат та бар. Оның қолжетімділігін кеңейту миллиондаған адамның профилактикалық ем алуына мүмкіндік беретін маңызды қадам саналады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда бар директоры қызметкерін зорлап, “ВИЧ” жұқтырғаны үшін 5 жылға сотталған еді.
Фельдшерден қандықол қылмыскерге дейін: Өскеменді үрейде ұстаған Сергей Яровой деген кім
Ол зорлап өлтірген құрбандар қатарында 8 бен 16 жастағы қыздар да бар
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
