Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Соғылған көліктер
Фото: Абай облысы полиция департаменті

Абай облысындағы Семей – Курчатов тасжолында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кетіп, салдарынан екі автокөлік бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан көліктердің қатты зақымданғанын көруге болады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі "Газельді" басып озбақ болып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол Kia Rio көлігімен соқтығысқан.

"Соқтығыс салдарынан көлік жүргізушілері мен жолаушылары алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", – деді Абай облысы ПД аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Әмір Хабибуллаев.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 27 Тамыз, 2026 19:19