Аптап ыстықтан кейінгі салқындық: Қазгидромет алдағы күндері еліміздің бірнеше аймағында жауын жауатынын болжады
Қазгидромет еліміздегі 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Ұзақ аптап ыстықтан кейін Қазақстан облыстарының басым бөлігінде ауа температурасының салқындығы сезілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша ел тұрғындары арктикалық ауаның салқындығын сезінеді. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында оңтүстік циклонның әсері сақталады.
Екі ауа массасының соқтығысуы нәтижесінде фронталды бөліктердің шиеленісуі күтілуде.
Республика аумағында, батыстан басқа аймақтарда жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел 15-25 м/с күшейеді. Найзағай кезінде екпінді жел болуы мүмкін.
Тек еліміздің батыс өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді