AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аптап ыстықта көлікте қалып кеткен бес жасар бала көз жұмды

АҚШ-тың Техас штатының Хьюстон қаласында рекордтық деңгейдегі жоғары температудан қызып кеткен көлікте қалған 5 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, бала үйінің жанындағы тұрақта тұрған көліктің ішінде қалып қойған. Дүйсенбі күні Хьюстонда ауа температурасы Цельсий шкаласы блойынша 39 градусқа жеткен. Бұл – 2011 жылдан бергі ең жоғары температура көрсеткіші.

Ата-анасы баланың әпкесінің туған күнін атап өтуге дайындалып жатқан. Жеткіншектің үйде жоқ екенін біраз уақыт өткеннен кейін ғана байқаған.

Полицияның мәліметінше, бала қауіпсіздік белбеуін қалай ағытатынын және өз отбасының көлігінен өздігінен қалай шығу керектігін білген. Бірақ сол күні ол жалға алынған көлікте болған, ондағы есікте балаларға арналған қауіпсіздік бекітпесі болмаған.


Артспорт бойынша балаларды үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгереді - Министр пікір білдірді


KidsAndCars.org. Ұлттық коммерциялық емес ұйымның деректері бойынша, ол – биыл АҚШ-тағы қызып тұрған көлікте қайтыс болған бесінші бала.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр