Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әншілер отырса опақ, тұрса сопақ: Ерке Есмахан еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді

Ерке Есмаханның “Аэропорт” бейнебаяны бірнеше күннің ішінде желідегі “танымал” видеолардың қатарына енді. Талғамы биік тыңдарман әдеттегідей жаңаша стильдегі тың туындыға қатысты әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың арасында Есмаханды сынап, тіпті сыбап алғандар да бар. Бұл орайда Ерке еңбегін еш еткендерге ренішін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан

“Түсінбей кетем кейде… Тыңдарманның талғамы Алматының ауа райындай мың құбылады. Отандық әншілер тыңдармандар үшін ән іздейді, сапалы етіп жаздыруға тырысады, еңбек етеді. Отандық шоу-бизнесте қандай да бір бейнебаян, ән шықса, сынның астында қалып жатады!

Мысал ретінде өзімнің бейнебаян мен әндерімді алып қарасам: “Қайда” шыққан кезде “бала-шағаның әні”, “тым жеңіл ән”, “серьезный ән жоқпа?”, “ешкім тыңдамайды” т.б. осы сияқты пікірлер жауды. “Kz жігіттен” соң “әрлі-берлі не жүріс?!”, “қайта-қайта киім ауыстырып”, «хит болмайды» деді. Енді “Аэропорт” “неге ұрысып?!”, “кекілі нес?!”, “жүре береді” деген пікірлердің астында қалып жатыр. Өмір енді жүріс тұрыстан құралған ғой!” – дейді Ерке (автордың орфографиясы мен пунтктуациясы сақталған).

Әнші не істесе де, елдің көңілінен шыға алмаған әріптестері үшін де өкініш білдірді.

“Сонда қалай түсірейік клипті? Қандай ән жаздырайық? Әнші xалық үшін ән шығарады. Ол осындай орынсыз сынның астында қалса, не істеуіміз керек сонда?! Әр қазақ бірін-бірі бауыр дейді. Неліктен әншілер отырса опақ, тұрса сопақ?! Әншілердің әндері тек ұрланған деп жала жабасыздар! Тек мен емес саxналық әріптестерім үшін де жаным ашиды! Ештеме жасамайық онда! Теледидардан түрік пен үнді сериалдарын және әркімнің жеке өмірін талқылайтын бағдарламаларды көріп отыра беріңіздер!” – деп түйіндеді сөзін Ерке.

Тағы оқыңыз:

Абайдың “Қара сөздерін” оқуға кеңес берген Айсәуле Бақытбек жұртты таңғалдырды

Досымжан Таңатаров күйеуіне тоқал алып бермек болған Роза Әлқожаны қолдап шықты

Ең сұлу: Аша Матай мен Қарлығаш Мұхамеджанованы шаң қаптырған актриса кім

Сізді жақсы көрем, көке: Қайрат Нұртас Бердібек Сапарбаевқа алғыс білдірді (фото)

Талқылау