Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ademi ресейлік «Голос» байқауына қатысып, төрешілерді қарата алмады (видео)

Ademi атымен танымал қазақстандық әнші Динара Қайырова ресейлік «Голос» байқауына қатысты. Алайда бірде бір тәлімгер «Жаңа толқынды» бағындырған әншіге бұрылмады.

Screenshot_1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көрмей тыңдау кезеңінде Ademi әлемдік хит Кристина Агилераның Hurt әнін орындады. Әншінің вокалдық мүмкіндіктерін жоғары бағалаған қазылар алқасы, бір қызығы, оны келесі айналымға өткізбеді.

Полина Гагарина әншінің орындауында драматургияның жетіспегенін айтса, Леонид Агутин бұл әнді алғаш рет қай жерде тыңдағанын әңгімелеп берді. Оның айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі әлемдік хиттар түрлі байқауларда 1000 реттен орындалған. Алғаш тыңдаған кездегі әсерді Ademi-нің орындауынан сезіне алмаған Агутин дәл осы себепті бұрылмағанын мәлімдеді. Қалған екі тәлімгер – Дима Билан мен Григорий Лепс те қазақстандық әншіге «жоқ» деді.

Айта кетейік, «Голос» телевизиялық шоуының бесінші маусымы қыркүйектің басында басталған еді.

Ал Ademi былтыр «Жаңа толқын» байқауында ел намысын ту етіп, жүлделі екінші орыннан көрінген болатын. Биыл аталмыш байқауға қонақ ретінде барған Ademi италиялық әншімен бірге ән орындап, қазылар алқасын тәнті етті. Тіпті, былтырғы жылы қазылар алқасынан жалғыз өзі Ademi-ге 11 ұпайын қимаған Киркоровтың өзі биыл дуэтке ең жоғарғы бағасын берді. Қазақстандық әншімен бірге ән салған италиялық бірінші орынға қол жеткізген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Әнші Әдемі адал махаббатты аңсап жүр (видео)

Қазақстандық әнші Ademi мен Сосо Павлиашвили әнін барлық ғашықтарға арнады

Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Зарина Омарова сүйіктісінің 80 мың долларлық көлік сыйлағанын айтып мақтанды

Талқылау