Соңғы жаңалықтар

"Анализ тапсыра алмадым": Бейжіңнен ұшып келген қыз вирусқа қарсы қауіпсіздіктің төмен екенін айтты

Евгения Юрченко есімді азаматша facebook парақшасында Бейжіңнен келген қызын күтіп аларда таралып жатқан вирусқа қарсы қауіпсіздіктің өте төмен екен жазады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі қолданушысы Қытайдан келіп жатқан рейстегі жолаушыларды тексеру "қысқа қойылым" сияқты дейді. Оның айтуынша келген жолаушыларды жіті бақылау жоқ. 

"Біріншіден, ұшып келген ұшақта ( жолаушылардың жартысынан астамы қытайлықтар болды) қатарлар арасында тепловизормен аралап, әр жолаушының температурасын тексермей, қысқа "спектакль" көрсетті. Өзін қалай сезінетіндігі және аурудың қандай да бір белгілері туралы ешкім сұраған жоқ! Жолаушылар туралы жалпы ақпаратты толтыру үшін сауалнамалар таратылды", - деген Юрченко осымен тексеру жұмыстары біткенін айтып ашынды. 

"Екіншіден, коронавирус беймәлім түрде өтуі мүмкін болғандықтан, біз өзіміз қан тапсыруға шешім қабылдадық. Алдын ала кеңесіп  алғаннан кейін әуежайдан бірден Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3 мекен-жайы бойынша Ұлттық сараптама орталығына бардық", - дейді азаматша. Ұлттық сараптама орталығында жеке тұлғалардан сараптама алуға тиым салынғанын айтып, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберген. Ол жақта бізден қан алып, нәтижесін Ұлттық сараптау орталығына жіберетінін айтып шығарып салғанын айтады жазбасында. 

"Қабылдау бөлмесіндегі дәрігерлер бізді көргенде көздері шарасынан шығып кете жаздады. Өйткені олар ауру белгісі бар адамдарды ғана қабылдайды екен. Бізге қайда баруды ұсынды?Дұрыс. Ұлттық сараптама орталығына! Кейін біз оларға қазір ғана сол жақтан келіп тұрғанымызды айтып түсіндірдік. Олар біздң тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберді. Бірақ бүгін сенбі - емханада тек кезекші дәрігер ғана бар", - деп жазған азаматша ауруханадан коронавирус бойынша сенім телефонын (1406)  көріп, хабарласқан.

"Бізді мұқият тыңдап, кез келген жеке медициналық мекемеге жүгінуге кеңес берді, онда ақылы негізде қан алуы керек екенін түсіндірді. Содан "Достармед" клиникалық орталығына бардық. Бізді терапевтке жібереді.  Ол бізге Алматы қаласындағы жекеменшік медициналық мекемелердің ешқайсысында қанда вирус бар-жоғын анықтап бере алмайтынын айтты", - деген желі қолданушысы Қытайдан келіп жатқан азаматтарды осылай "қарсы алатынына" іші күйетінін жеткізді. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...