Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ер адам жатын бөлмедегі әйелінің өлгені туралы 1 ай бойы білмей келген

Чикаго штатының тұрғыны бірге тұратын әйелінің қайтыс болғанын байқамаған. Бұл туралы  Chicago Sun Times басылымы хабарлады.

60 жастағы Стивен Сейлердің айтуынша, бір ай өткенде жатын бөлмеден біртүрлі иіс шыққан. Бірақ әйеліне не болғанын қарамаған.

58 жастағы Тамара Уилсон 10 желтоқсанда жалаңаш және денесі көк былғарымен жабылған күйінде табылды.

Полицейлер қайтыс болған әйелдің қызы хабарлаған кезде ғана қараған. Ол анасымен біраз уақыт хабарласпай кеткен.

Ал, Сейлер болса қызы хабарласқанға дейін әйелінің өлгенін білмеген. Бірақ, полиция оның бұл сөзінен күдіктенеді.

Ер адамды 19 желтоқсанда үйіне келгенде ұстады. Онымен бірге қайтыс болған әйелінің жеке куәлігі, кредиттік картасы, туу туралы куәлігі және оның неке жүзігі болды.

22 желтоқсанда ер адамды үй қамағына алды.

Қазанда Сейлер отбасылық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін айыпталған. Сот оның алкогольді ішімдік және наркотикалық зат пайдаланған күйде отбасына оралуына тыйым салды. Сейлер полиция әйелінің денесін тапқан күннен бастап 5 күн бойы күнде поштасын тексеріп тұрды.

Олар 2014 жылы үйленді. Қазіргі уақытта 22 жастағы ортақ қыздары бар.

Тағы оқыңыз:

Зейнеткердің асқазанынан 150-ден астам шеге табылды

Данияда әлемдегі ең ыңғайлы түрме ашылды (фото)

Британия елшілігінде жұмыс істейтін қызды таксиші қысқа юбка кигені үшін зорлаған

Өз итін атып тастаған жігіт жауапқа тартылды

Талқылау