Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткердің асқазанынан 150-ден астам шеге табылды

Бурятиялық хирургтар зейнеткер әйелдің асқазанынан 150-ден астам шеге, бұрамашеге, гайка және болт алды. Бұл туралы Бурятияның Н.А.Семашко атындағы республикалық емханасының ресми сайты хабарлады.

Бір қызығы, егде әйелдің ішкі органдарына зақым тимеген.

Бурятияның Иволгин ауданының 74 жастағы тұрғыны республикалық клиникалық аурухананың қан тамырлары орталығына жеткізілген.

Тексеру кезінде дәрігерлер науқастың асқазанынан темір-терсекті көрді.

«Ұзын шегелер, бұрама шегелер, болттар, гайкалар, 15 см болатын арматура кесінділері, тіпті 925 сынамалық күміс алқа да табылды. Жалпы, науқастың асқазанынан 152 металл зат алынды. Олар тотыға бастаған екен. Демек, олардың қашаннан бері науқастың асқазанында жатқанын өзінен басқа ешкім білмейді», – дейді аталған емхана дәрігерлері.

Бұған дейін, дәрігерлер маңғыстаулық қыздың асқазанынан 30 см шаш түйінін шығарып алған еді. Олардың айтуынша, психикалық ауытуы бар адамдар осындай қадамға барады екен.

Тағы оқыңыз:

Данияда әлемдегі ең ыңғайлы түрме ашылды (фото)

Британия елшілігінде жұмыс істейтін қызды таксиші қысқа юбка кигені үшін зорлаған

Өз итін атып тастаған жігіт жауапқа тартылды

Талқылау