Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық миллиардер Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупін айтты

Америкалық бизнесмен және филантроп, "Ашық қоғам" қорының негізін қалаушы Джордж Сорос Ресейдің Украинаға басып кіруі Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сорос Украинадағы соғысты "Батыс елдерінің "ашық қоғамы" мен Ресей мен Қытай сияқты елдер кіретін "жабық қоғам" арасындағы қақтығыстан туатын "Үшінші дүниежүзілік соғыстың бастауы болуы мүмкін" деп сипаттады.

"Әскери әрекеттер үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы мүмкін және біздің өркениет бұл соғыстан аман қалмауы ықтимал. Біздің өркениетті сақтап қалудың ең жақсы тіпті жалғыз жолы – Путинді мүмкіндігінше тезірек жеңу. Мәселе осыда", - деді Сорос Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумда.



Бизнесменнің ойынша, кейінгі 20 жылда әлемде авторитарлық тенденция күшейген, өйткені "жабық қоғам" қазіргі заманғы технологияға қызмет ете бастаған.

Сондай-ақ бизнесмен еуропалық газдың Ресейге тәуелді болуына кінәні Германияның экс-канцлері Ангела Меркельдің Мәскеумен жасаған "арнайы келісімдеріне" тікелей қатысты, деп айыптады.

"Еуропаның ресейлік қазба отындарына тәуелді болып қалуы, алдымен Меркельдің саясатына байланысты. Ол Ресеймен газ жеткізу бойынша арнайы келісімдер жасап, Қытайды Германиядағы нарықтың ең ірі эскпортына айналдырды", - деді Сорос.

Талқылау