Дмитрий Медведев батыс елдеріне ядролық соғысқа байланысты ескерту жасады
Ресей Қауіпсіздің кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев батыс елдеріне ескерту жасап, Украина қару жіберудің НАТО мен Ресей арасындағы қақтығысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты. Сөзінше, мұндай жанжал ядролық соғысқа себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Украинаны НАТО мемлекеттерінің қарумен қамтамасыз етуі, батыс елдерінің техникасын пайдалануға үйретуі, баскесерлерді жіберуі және ұйым елдерінің біздің шекарада оқу-жаттығу өткізуі НАТО мен Ресей арасындағы ашық және тікелей қақтығысқа әкеп соғуы ықтималдығы жоғары", – деп жазды ол өз Telegram-арнасында.
Сөзінше, мұндай жанжалдың соңы толыққанды ядролық соғысқа әкеп соғу қауіпі бар. Сонымен қатар ол батыс елдеріне "өздеріне және өзгелерге өтірік айтуды доғаруға" кеңес берді.
"Өз әрекетінің ықтимал салдары туралы ойлану керек. Әрі русофобтық көзқарастың ұстамасы кезінде өз сілекейіне тұншығып қалмау қажет", – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Владимир Путин Украина жеріне басып кірудің "жалғыз дұрыс шешім болғанын" айтқан еді.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"