16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің саммиті 16 мамыр күні Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қатысушылар кездесу өткізіп, іскерлік таңғы ас форматында сөйлеседі. Сөзінше, таңғы асқа Ресей президенті Владимир Путин де қатысады.
"16 мамырда ҰҚШҰ құрылуына 30 жыл толуына орай мүше елдер Мәскеуде саммит өткізеді. Бұл көшбасшылардың кездесуі әрі іскерлік таңғы аста жекелей сөйлесуі ретінде де өтеді. Шара аяқталған соң журналистерге ақпаратты ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения премьер-министрі Николь Пашинян береді", – деді Песков.
ҰҚШҰ құрамында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан бар.
Айта кетейік, бұған дейін Путин думаға ҰҚШҰ жарғысына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс білдірген еді. Яғни ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізу жоспарланған.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"