AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қырғызстанға әскери техникасын береді

Қазақстанның қорғаныс министрлігі Қырғызстанның қарулы күштеріне бір реттік негізде әскери техникаларды береді. Қазіргі уақытта екі ел өкілдері көмек көлемін келісіп жатыр. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Камалетдиновтің сөзінше, берілген техниканы тек қауіпсіздік мақсатында ғана қолдана алады, үшінші тарапқа берілмейді және ТМД-ға мүше мемлекеттерге қарсы пайдалануға болмайды. Сондай-ақ ол жеткізудің барлық шығындарын қазақстандық тарап өз жауапкершілігіне алғанын атап өтті. 11 мамыр күні мәжіліс отырысында екі ел арасындағы тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасы таныстырылды.

"Біз беретін мүліктің тізімі қабылдаушы тараптың өтініші бойынша жасалады, яғни Қырғызстанның. Әлбетте біз тек өзіміз қолданбайтын немесе артық мүліктерді ғана береміз. Ол біздің еліміздің қорғаныс қабілетіне әсер етпейді", - деп қосты Қамалетдинов.



Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылған.

Депутаттар бұл құжатты қолдаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр