AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ҰҚШҰ ұйымы әскерлерінің ауқымды оқу-жаттығулары өтеді

ҰҚШҰ ұйымына мүше елдер "Жауынгерлік бауырластық – 2022" жедел-стратегиялық оқу-жаттығулары аясында бірнеше іс-шаралар өткізуге келіскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

одкббб

Мәселен, ұйымның Дағдарысқа ден қою орталығының стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында қатысушы мемлекеттердің жедел топтарымен бірлесіп, "Ұжымдық қауіпсіздік жағдайына әсер ететін факторлар жан-жақты қарастырылады және әскери-саяси және стратегиялық жағдайдың дамуын болжау, дағдарыстық жағдайларды шешудің ықтималдылығы мен шараларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осы себепті Қазақстан аумағында ҰҚШҰ әскерлерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін дайындауды біріктіретін оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда. Бұл ретте "Поиск-2022" барлау күштері мен құралдарымен және "Эшелон-2022" ҰҚШҰ материалдық-техникалық ұжымдық күштерінің күштерімен және құралдарымен арнайы жаттығулар туралы айтылып отыр, сондай-ақ "Өзара іс-қимыл-2022" ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулар жүзеге асырылады.



Тәжікстанда Орталық Азия аймағының "Шекара-2022" ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен оқу-жаттығулар өтеді. Мақсат – халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы іс-қимыл мүддесінде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын пайдалану жөніндегі міндеттерді пысықтау.

Ал Қырғызстандағы "Жауынгерлік бауырластық – 2022" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытынды кезеңінде ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отыр, оның барысында қақтығыстан кейінгі кезеңнің міндеттері мен ағдарыс аймағында қоныстандыру және бітімгершілік операциясын жүргізу мәселесі пысықталады.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің аумағында ҰҚШҰ елдерінің әскерлері үш әскери-жаттығу кезеңдерін өткізетіні туралы жазылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр