Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әйел өзін тастап кеткен күйеуінен өш алу үшін ұлын Люцифер деп атады

Мәскеуде тоғыз айлық ұлын сатуға талпынған алматылық әйелдің анасы қазір қызын құтқару үшін пәтерін сатпақшы. Әйел пәтерден түскен ақшаны заңгерлерге жұмсайын деп отыр. Бірнеше күн бұрын Мәскеудің жедел қызметкерлері баласын 20 мың долларға сатуға тырысқан Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол бұл әрекетке күйеуінен өш алу үшін барған. Күйеуін жек көрген әйел ұлына Люцифер деп екінші есім берді. Бұл туралы КТК арнасының эксклюзивті жаңалықтары хабарлады.

Алматылық әйел өзін тастап кеткен күйеуінен өш алу үшін ұлын Люцифер деп атады

Естеріңізге сала кетсек жалғызбасты ана әлеуметтік желіде барлық азаматтардан көмек сұраған болатын. Юлья Щеглова жүкті болған кезде күйеуі тастап кеткенін, сондай-ақ қарт ата-анасымен бірге өмір сүріп жатқандығын және бала туралы армандамайтынын айтқан. Содан кейін еріктілер оның сәбине ақша, киім-кешек акеліп, әйелдің ойын өзгертіп көндіруге тырысқан.

«Естігенде есеңгіреп, түнімен ұйықтамай шықтым. Бәріміз бір бірімізге хабарласып, болған жайттың ақиқаттығына көз жеткіздік. Біз оған сеніп, үміт артқан едік. Ұлына қажетті дәрі-дәрмек, киім-кешек болсын, барлығын оған тапсырғанбыз. Шындығында ештеңге мұқтаж емес болатын»,-дейді еріктілердің бірі Анита Гурман.

Ал Юльяның анасы әлі де таң қалып отырғанын айтады. Бесінші сәуір күні оған қызы Мәскеуден телефон шалып, қамауда екендігін айтқан. Ресейлік жаңалықтардағы әңгімелер Юльяның ата-анасын үрейлендірді. Жаңалықтарда 20 мың долларға баласын сатуға тырысқан қазақстандық азамат туралы әңгімеледі. Онда олар өздерінің қызы Юлияны таныды. Қыздың ата-анасы оны мұндай қадамға барады деп мүлде ойламаған.

«Мұнда бір шикілік бар.Екінші сәуірде үйде болған. Бірақ, үйге келсек әлденеге асыққаны байқалады. Теледидар қосулы қалған. Тамағы ішілмеген. Қызым бұны біреу әдейі істеді дейді.  Мені алдап соқты. Мұның бәрін білмедім. Егер мен білетін болсам, оны басқа  жерге, тіпті баламен бірге жіберуге рұқсат етер едім! Ақымақ-ай. Ол не істеді, мұны не үшін істеді. Ақша қажет болса пәтерді сатып, бөлісетін едік қой»,-дейді Юльяның анасы.

Бір апта бұрын жас анасы ата-анасымен келіспей қалған екен. Ата-анасы Юлия мен оның ұлын пәтеріне қалдырып, үлкен қызының қолында тұруға кетіп қалған. Сөйтсе, алматылық әйел төрт ай бойы Илья-Люцифер есімді баласы үшін жаңа ата-ана іздестірген. Ол өзінің бұрынғы күйеуін жек көргендіктен, ұлына екінші есім берді. Оның отбасы бұл туралы білетін.

«Иә Илья, бірақ оның екі есімі бар. Юлья күйеуінен өш алу үшін ұлын Илья-Люцифер деп атады»,-дейді Юльяның анасы.

Юльяға күнделікті қиындықтарды жеңуге көмектесіп келген еріктілер, оның мұндай қадамға  барғанына сенбей отыр.

«Мен баланың әкесінің қайда жүргенін біргім келеді. Ол әйелі қиналған кезде оған үміт сыйлап, көмектесу керек еді. Бала тек Юльяның ғана сәбиі ғана емес қой. Жауапкершілікті екі адам көтеру керек»,-дейді еріктілердің бірі Татьяна Смолина.

Ресейдің Мәскеудегі тергеу департаментінің мәліметі бойынша, баланың әкесі келіп, ұлын өзімен бірге алып кеткен. Одан қылмыстық іс бойынша жауап алынып, жәбірленуші деп танылды.

Ал баласын сату мақсатында, Ресей асқан 33 жастағы Юлья Щеглованың әрекетін қаржылық қиыншылықтан деп болжағандар бар. Бірақ, Алматыда аңырап қалған анасы, бізге басындағы ахуалды айтқанда қызымызды кез келген қиындықтан құтқаратын едік дейді. Қазір Қазақстандық азаматшаға адам саудалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолына кісен салынған.

Оқи отырыңыз:

Бала әкесімен бірге қалды: Оралда қатыгездікпен өлтірілген ананың өліміне қатысты жаңа мәліметтер

Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметі бөлімінің бастығы ұсталды

Назарбаев орыс тіліндегі кейбір сөздердің қазақ тіліндегі аудармасына ұялады

Назарбаев: Швейцарияда қарапайым такси жүргізушісі төрт тіл біледі

Талқылау