"Аула көліктерге толы болған": Алматыда жүкті әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босануға мәжбүр болды

Алматыда әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды. Қазір ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамауданында әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босануға мәжбүр болған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі тұрғын үй ауласының көліктерте толы болуына байланысты шақырту орнына уақытында жете алмаған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметіне шақырту 06:21-де түскен, ал бригада оқиға орнына 06:31-де жеткен.
“Дәрігерлер оқиға орнына келген сәтте әйел адамның босанудың белсенді кезеңінде екені анықталған. Салмағы 3 370 грамм болатын қыз бала жедел жәрдем бригадасының зембілінде дүниеге келіп, бірден жылаған. Қиын жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлері босандыру процесін жедел әрі кәсіби түрде жүргізіп, анасы мен жаңа туған нәрестеге қажетті медициналық көмекті көрсетті. Кейін олар қалалық перинаталдық орталыққа жеткізіліп, онда ем-дом жалғастырылған”, – делінген хабарламада.
ОқыңызАна мен сәбидің жағдайы тұрақты екені хабарланды, қазір ана мен бала мамандардың бақылауында.
Куәгерлер жедел жәрдем көлігі көліктерге толы аулаға дер кезінде кіре алмағанын айтып шығамданды.
Тұрғындар бұл мәселенің жүйелі сипат алғанын айтады. Олардың сөзінше, құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенін жеткілікті автотұрақ орындарымен қамтамасыз етпеген, ал аудан белсенді түрде салынып жатыр. Соның салдарынан аулалар көліктерге толып, жедел жәрдем мен басқа да шұғыл қызметтердің өтуіне кедергі келтіріп отыр.
ОқыңызТұрғындар осы оқиға әкімдіктің назарын аударып, автотұрақ кеңістігін ұйымдастыру мен жедел қызметтердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп үміттенеді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда іші ауырып ауруханаға жүгінген әйел 7 айлық сәби босанғаны туралы жазған едік. Әйел өзінің жүкті екенін білмеген.