"Жүкті екенін білмеген": Алматыда іші ауырып ауруханаға жүгінген әйел босанып қалды

Алматыда іші ауырып, гастроэнтерологқа жүгінген әйел күтпеген жерден 7 айлық сәбиді босанды. Ол өзінің жүкті екенін білмеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйелді “Эмирмед” клиникасында УДЗ кабинетінде тікелей босандырған. Бойжеткен алғашында гастроэнтерологқа іштің кебуі мен ішек ауыруына шағымданып жүгінген.
Тексеру кезінде мамандар күтпеген жерден шамамен жеті айлық жүктілікті анықтаған. Гинекологпен кеңескеннен кейін науқастың босану процесі басталып кеткені белгілі болды.
Дәрігерлер жағдайға жедел әрекет етіп, босануды сол УДЗ кабинетінде қабылдады.
Дені сау қыз бала дүниеге келді. Анасы мен нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Көмек көрсетілгеннен кейін олар жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, перзентханаға жеткізілген.
Деректерге сүйенсек, бұл отбасының бұған дейін балалары болмаған және қыз бала болуын қатты қалаған екен.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”