Венесуэлада әйел үйінді арасында босанды
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қираған ғимарат үйіндісі арасында әйел босанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mundo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, әйел босанған жерде электр жарығы мен медициналық құрал-жабдықтар да болмаған. Әйел сонда да сәбиін дүниеге әкелген.

“Босану өте ауыр жағдайда өтті. Жарықсыз, медициналық құрал-жабдықсыз...”, – деп жазды Mundo басылымы.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) дерегінше, елде магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Кейін тағы 30-ға жуық афтершок (қайталама жер сілкінісі) болды.
Айта кетейік, Венесуэлада екі қуатты жер сілкінісі болған. Салдарынан ел астанасы Каракас қаласында бірнеше ғимарат құлаған. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, алғашқы жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 болған. Салдарынан 200-ге жуық адам қаза тапты.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"