Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда салтанатты түрде бас шырша шамы жағылды

Бүгін Алматыда салтанатты түрде жаңа жылдық бас шырша шамы жағылды. Қала тұрғындары мерекелік сәтті қаланың сегіз нүктесінен тамашалады, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: tengrinews.kz

Дәстүр бойынша жаңа жылдық шырша шамы Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағылды. Бас шырша Республика сарайының алдында орнатылған.

Мерекелік бағдарламаға балалардың сүйікті кейіпкерлері Аяз ата,  Санта Клаус және “Мұз құрсауындағы жүрек” мультипликациялық фильмінің кейіпкерлері қатысты.

Жаңа жылдық шыршалар Тұңғыш Президент Саябағы, «Алматы Арена» стадионы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар театры, Наурызбай ауданы әкімдігі, Орталық стадион, «Астана» алаңы  маңына орнатылған.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы Мәдениет және архивтер басқармасы желтоқсанда болатын мейрамдар үшін жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге алған.

Оқи отырыңыз:

Петропавлда «бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Желіде Астанадағы ірі базардың өртеніп жатқан сәтінің видеосы пайда болды (видео)

«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыз 5 сағат бойы тоқтап тұр

Миллиардтарды үнемдеу: Стартаперлер электрді үнемдеудің тәсілін тапты

Талқылау