Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпқабатты тұрғын үй өртке оранды (фото, видео)

Алматыда элиталы ТК-ның шатырындағы пентхауста өрт шықты, деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп Stаn.kz.

Сурет: zakon.kz

«Бүгін сағат 11:46-да Самал шағын ауданындағы «Триумф» ТК-ның шатырында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдің шатырында қою қара түтін шығып жатқан. Құтқарушылар өрт сөндіру барысында 50 адамды эвакуациялаған. Оның ішінде 3 бала бар», – деді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Анықталғандай, тұрғын үй шатырындағы пентхауста өрт шыққан. Өрт 12:21-де ауыздықталып, 12:44-те толықтай сөндірілген.

Өрттің 40 шаршы метр аумақты шарпыған. ТЖ салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқи отырыңыз:

Алматыда қаскүнем жалғызбасты ананы зорлап, артынан өлтіріп кеткен

Қыз әкесін табамен ұрып өлтіріп, мәйітін унитазға ағызып жіберген

Көпір үстінде рельстен шығып кеткен вагон күре жолға құлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Талқылау