Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз әкесін табамен ұрып өлтіріп, мәйітін унитазға ағызып жіберген

Дағыстан бойынша ТК тергеу органдары әкесін қатігездікпен өлтірген Махачкала тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Республика бойынша ТК ТБ баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Анықталғандай, 2016 жылы қазан айында Махачкала тұрғыны әкесін жек көргендіктен, тамаққа «Феназепам» препаратының 40 таблеткасын қосып берген. Әкесінің дәріден уланып өлгенін көрген қыз оны оқтаумен ұра бастаған. Қатты соққыдан оқтау сынып қалғандықтан, мұнан әрі әкесін табамен ұруды жалғастырған. Мұнан соң оны майлықпен буындырған екен.

Жан түршігерлік оқиға орын алғаннан кейінгі екі күн ішінде қыз әкесінің мәйітін бөлшектеп, бір бөлігін унитазға ағызып жіберген. Қалған бөлігін Махачкаладағы бейітке апарып жерлепті.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Көпір үстінде рельстен шығып кеткен вагон күре жолға құлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Бала күніндегі суретін жариялаған Айқын желі қолданушыларын сүйсіндірді (фото)

Талқылау