Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қаскүнем жалғызбасты ананы зорлап, артынан өлтіріп кеткен

Алматы облысында ер адам жалғызбасты ананы зорлап, артынан өлтіріп тастаған деп күдіктелуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.

Қылмыстық оқиға Көксу ауданында орын алған. 17 желтоқсан күні Теректі ауылындағы жеке меншік үйлердің бірінен азаптап өлтірілген 36 жастағы әйелдің денесі табылған.

Аудандық полиция қызметкерлері бірер сағаттан кейін қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстаған. Полицейлер ер адамды аталған ауылдан ұстап алыпты.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам жалғызбасты ананы ұрып-соғып, артынан буындырып өлтірген. Қайтыс болған әйелдің денесіндегі іздерден әйелдің зорланғаны анықталған.

«34 жастағы Алматы тұрғыны жалғызбасты әйелді өлтірді деп күдіктелуде. Ол қамауға алынды. Базадағы мәліметтерге сәйкес, күдікті бұған дейін тонау дерегі бойынша жауапкершілікке тартылған. Ер адам қылмыс жасаған кезде мас болғанын айтып ақталды», – деп мәлімдеді облыстық полициядағылар.

Адам өлтіру фактісі бойынша, ҚР ҚК 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама жұмыстары тағайындалған.

Анықталғандай, 6 жасар қызын жалғыз өсіріп отырған әйел Теректі ауылындағы үйге жаңадан көшіп келген екен. Ол көршілерімен де танысып үлгермепті.

Оқи отырыңыз:

Қыз әкесін табамен ұрып өлтіріп, мәйітін унитазға ағызып жіберген

Көпір үстінде рельстен шығып кеткен вагон күре жолға құлады

Қасым-Жомарт Тоқаев Данэлия Төлешованы «Голос. Дiти» байқауындағы жеңісімен құттықтады

Бала күніндегі суретін жариялаған Айқын желі қолданушыларын сүйсіндірді (фото)

Талқылау