Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бойжеткен жоғалып кетті: Туыстары оны ұрлап кетті деп ойлайды

Алматыда бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы желіде жазылды. Туыстары оны ұрлап кетті деп ойлайды.

Валерия Погребняк 19 қаңтарда жоғалды. Ол жігітімен Мерей кентінен Алматыдағы “Апорт” сауда орталығына барған. Жігіттің айтуынша, олар кешкісін қайтып кеткен екен.

Олар КИЗ ауданынан қалаға бұрылып, Өтеген батыр мен Жұбановтың қиылысында қыз аялдамада қалады. Айтуынша, Валерия өзін Алматыға құрбысына апарып тастауды өтінген.

Содан бері қыздың телефоны өшіп тұр. Ол ақшыл қызыл түсті күрте, қара етік пен қара джинсы шалбар киген. Өзімен қызыл әмияны мен пәтер кілті болған.

Қыздың ата-анасы Әуезов полиция бөлімшесі қандай да бір себеппен қыздың жоғалғаны туралы арызды қабылдамағандарын айтады. Олар ата-ананы Қаскелең қаласының бөлімшесіне жіберген.

Ол жақта да арызда қабылдамай, қайта Әуезовке жібереді. Әуезов полцейлері екінші рет арызды қабылдады, бірақ ешқандай іздеу жұмыстарын жүргізбеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау