Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскери қызметкер қыздың өмірін құтқарып қалды (видео)

қызды құтқарған ер адам-2
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда демалыста жүрген әскери қызметкер сағызға қақалып, тыныс ала алмай қалған қыздың өмірін құтқарып қалды. Майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дер кезінде алғашқы көмек көрсетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

28 тамызда Алматы қаласында 97617 әскери бөлімі дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков демалысы кезінде дүкенде жағдайы нашарлаған қызға көмек көрсетті.

"Достық" дүкенінде бір қыз кенеттен сағызға тұншығып, тыныс ала алмай қалған. Жанында тұрған майор Сәрсенбеков бірден көмекке ұмтылған.

Әскери қызметкер көрсеткен алғашқы көмектен кейін қыздың тыныс алуы қалпына келген. Майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбеков дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.

Әскери қызметкердің бұл әрекеті оның қиын жағдайға тап болған адамға көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін, байыптылығы мен жауапкершілігін, оқиғаға бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымын көрсетеді.

Әскери бөлімнің басшылығы майор Хасен-Сұлтан Сәрсенбековтің әрекетін атап өтіп, оның адамгершілігі мен айналасындағыларға деген жауапкершілігін жоғары бағалады.

Еске салайық, бұған дейін тамыз айының басында Қарағанды облысындағы Семізбұғай көлінде төрт жасар бала суға құлап кеткен. Сол маңда болған 13 жастағы Нұралы Әлхан бірден көмекке ұмтылып, баланы судан алып шыққан. Кейін жасөспірім батылдығы үшін полиция департаментінің басшылығынан марапат алды.

Айым Атамбаева
Сенбі, 29 Тамыз, 2026 19:28