Дубайда қаза болған екі қазақстандық қыздың денесі елге жеткізілді
Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы БАӘ-де қаза болған Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денесін Қазақстанға жеткізуді ұйымдастырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 тамызда Дубайдағы Бас консулдығы қаза болған қазақстандық азаматшалар Ақжан Боханова мен Жұлдыз Боханованың денелерін елімізге жеткізуді ұйымдастырды.
"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр", – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрлігі марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.
Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық қыз Біріккен Араб Әмірліктерінде көз жұмғаны хабарланған еді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты әзірге ақпарат жарияланбайды.
Министрлік Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын атап өтті. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеуге және қыздардың қаза болу жағдайына байланысты БАӘ-нің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасауға көмек көрсетіліп жатыр.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады