Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда президентке тікелей бағынатын жаңа аппарат құрылды

Тоқаев
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Құжатқа сәйкес, президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды. Жаңа органның құрылуы елдің қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған”, – деп жазылған құжатта.

Жарлыққа сәйкес Қауіпсіздік кеңесі аппараты президенттің өкілеттіктерін іске асыруға және кеңестің қызметін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқаратын болады.

Еске салайық, бұған дейін қатерлер жағдайында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету миссиясын толық атқара алмай отырғанын айтты. Мемлекет басшысы әлемдегі тұрақсыздық, мемлекеттер арасындағы сенімнің әлсіреуі және жасанды интеллектінің қарқынды дамуы болашаққа қатысты жаңа қауіптер туындатып отырғанын атап өтті.

Айым Атамбаева
Сенбі, 29 Тамыз, 2026 16:46