Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық жоғалып кетуі мүмкін – СІМ

непалдағы тасқын
Фото: bbc.com

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын селден кейін Қазақстанның тағы бір азаматы хабар-ошарсыз кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Telegram-арнасында Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында Қазақстанның тағы бір азаматы болуы мүмкін екенін мәлімедеді.

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар Непал мен Қытайдың мемлекеттік органдарымен байланыста жұмыс істеп жатыр. Отандастарымызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүрді. Бхотекоши және Тришули өзендері аңғарларындағы елді мекендерді лай, су және тасқын шайып, үйлер, жолдар мен көпірлер қирады.

Еске салайық, бұған дейін Непалда 26 тамызда болған жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан жүздеген адам қаза тауып, жүздегені хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат елдің солтүстігіндегі елді мекендерге, жолдар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтірді. Құтқару жұмыстарына 13 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Апаттан кейін Непал мен Қытай шекарасында жүрген екі қазақстандық әйелден де хабар үзілген.

Айым Атамбаева
Сенбі, 29 Тамыз, 2026 13:55