Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертіске батып жатқан баланың жанайқайын үш жігіт естіп құтқарып қалды

бала су Ертіс
Фото: Видеодан скрин

Абай облысында мектеп оқушысы Ертіске батып кете жаздады. Оның жан даусын өтіп бара жатқан үш жігіт естіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ойын баласы достарымен бірге суға түсуге барған. Кейін оны ағыс алып кеткен. 

Үш жігіт Ертіс маңында атпен серунедеп жүрген. Батып жатқан баланы көріп, суға атпен кірмек болған. Алайда жануар судың тереңдігі мен балдырлардан шошып, өзенге кірмеген. Сөйтіп үш жігіттің бірі аттан түсіп, батып бара жатқан балаға қарай жүзген.  

Құтқарушылар қаһарманды марапаттады. Тимур Серікжанұлы ең бастысы – баланың аман қалғаны деп санайды. Енді оның екінші туған күні бар.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 20 Тамыз, 2026 08:08