Алматы тауларында 73 жастағы Корея азаматы жоғалып кетті
Алматы тауларында Оңтүстік Кореядан келген шетелдік турист жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оңтүстік Корея азаматы, 1953 жылы туған Чо Кукхи 2026 жылдың 28 қыркүйекгінде топ құрамында тауға көтерілген. Кейін ол тағы да жоғары көтеріліп, кейінірек өзі төмен түсетінін айтқан. Содан бері одан ешқандай хабар болмаған.
Туристің Шымбұлақтан жоғары, 3200 метр биіктіктегі Талғар асуы аумағында жоғалғаны белгілі. Ер адамның қай бағытқа кеткені әзірге белгісіз.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы тауларында жоғалған шетел азаматын іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
ТЖМ мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат 29 қыркүйек күні түскен. Сол күні ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстарын дереу ұйымдастырылып, жедел штабы құрылған.
“Жетуі қиын учаскелерді тексеруге ТЖМ күштері мен құралдары, Алматы қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, "Барыс" құтқарушылары, полиция департаментінің қызметкерлері және "ДСС" еріктілері жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
Ер адамды іздеуге барлығы 50-ге жуық адам, 8 бірлік техника, 7 ұшқышсыз ұшу аппараты, 3 кинологиялық есептоп және ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылған. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы тауларында турист 3000 метрлік жардан құлап кеткені туралы жазған едік.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
