Алматыдағы колледжде мұғалім студенттің басына нысана қойып, оқ атқан (видео)

Әлеуметтік желіде Алматыдағы колледждердің бірінде түсірілген видео қызу талқылануда. Видеода студент басының үстінде нысананы ұстап тұрады, ал оқытушы оған мылтықпен көздеп оқ атпақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желідегі тараған ақпаратта оқиғаның Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы барысында болғаны айтылған.
“Сабақ барысында оқытушы студенттерді мылтықтың нысанасында тұруға мәжбүрлеген. Мұндай әрекеттер оқу үдерісіндегі қауіпсіздік талаптары мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу болып есептеледі”, – дейді видео авторлары.
Атырауда колледж мұғалімі сабаққа кешіккен студентті жазалаймын деп тергеуге ілікті
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Жағдайға қатысты колледж басшылығы ресми мәлімдеме жасады.
“Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралағаны туралы жазған едік. Артынша соттың оқушыны үйқамаққа жіберсе де, мектепке баруына рұқсат бергені белгілі болды.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады