Құлсарыда сыныптастарын балтамен қуған оқушы үйқамаққа жіберілсе де, мектепке баруына рұқсат берілді
Видеодан скрин
Атырау облысында қатарластарын балтамен қуған оқушыға қатысты іс бойынша соттың алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот шешімімен жасөспірім үйқамаққа алынды.
Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуовтың айтуынша, оқушының кәмелетке толмағаны, ата-анасының өтініші ескеріле отырып, жасөспірім үйқамаққа жіберілген. Оған тек мектепке және медициналық ұйымдарға баруға ғана рұқсат берілген. Бұл шектеулер тергеу амалдары аяқталғанға дейін күшінде болады. Оқушы бүгін сабаққа қатысқан.
"Оқиға салдарынан екі бала жеңіл жарақат алды. Полиция қызметкерлері балтаға ұқсас затты таба алмады. Осыған байланысты білім басқармасы, полиция департаменті және облыстық прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірлескен тексеру жүргізілді. Бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Аталған жағдайға қатысы бар оқушылар есепке алынды. Балалармен тәрбиелік жұмыс ұйымдастырылуда", – деді Марат Әбуов.
Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралағаны туралы жазған едік. Осы оқиғадан кейін мектептің директоры қызметінен кетті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"