Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық еден жуушының сұлулығы желі оқырмандарын таңғалдырды

Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев еден жуушыны нағыз ханымға айналдырды. Әп-сәтте адам танымастай өзгеріп шыға келген келіншектің жаңа образы желі қолданушыларын қайран қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

образ

Әлихан Мұсатаев Instagram-дағы парақшасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Трансформация" жобасының нәтижелерімен бөлісті. 

36 жастағы алматылық Луиза 2 бала тәрбиелеп отырған ана. Ол қаланың коворкинг-орталықтарының бірінде техник болып жұмыс істейді. Луиза Алматыға Шымкенттен 18 жыл бұрын келіп, тұрмысқа шығып, осы қалада тұруға қалды. Автордың айтуынша, идея пайда болғаннан бері жобаны жүзеге асыру бір жарым күнді алыпты.

"Менің жобам 1.5 күн ішінде жүзеге асырылды. Сол үшін Луизаға жобаға қатысуға деген сенімі мен ықыласы үшін және оны құруға үлкен үлес қосқандардың барлығына үлкен рахмет", – деп атап өтті Әлихан Мұсатаев.

"Құрметті қыздар, әйелдер! Сіз кім екеніңіз, қайда жұмыс жасағаныңыз, қанша ақша тапқаныңыз, үйленгеніңіз немесе өзіңіз бақытты болғаныңыз, балаларыңыз бар ма, жоспарламағаныңыз маңызды емес, үйде нағыз үй шаруасындағы әйел ретінде жайлылық жасаңыз, мансап құрыңыз, ең бастысы әрқашан есіңізде болсын: сіз әдемісіз! Сіз әрқашан және барлық адамдар үшін әдемісіз!",- деп жазды жоба авторы.

Әлихан атап өткендей, кез келген әйел жылтыр журналдың мұқабасында болуы мүмкін. Тек өзіңізді сүйіп, өз күшіңізге сенсеңіз болды. 

"Жылына кем дегенде бір рет өзіңізге осындай керемет және үлкен өзгерістерге рұқсат етіңіз! Өзіңізді еркелетіңіз! Қараңызшы, қазір біздің кейіпкеріміздің көздері қалай жанып тұр", - деп жазды өз постында продюсер.

Талқылау