Алматыға Хабиб Нурмагомедов келді
UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
"Алматы, біз сол осы жердеміз. 18 маусымда турнирде кездескенше", – деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түскен суретін жариялады.
Айта кетейік, 18 маусымда "Алматы Аренада" Eagle Fighting Champiomship – EFC 37 лигасының аралас жекпе-жектен турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болады.
Іс-шараның картасы 13 жекпе-жекті қамтиды, олардың бастысы – Дағыстанның Арыстаны лақап атымен танымал EFC президенті Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлонидің кездесуі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"