Алматыдан ұшқан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

Фото: depositphotos
FlyArystan әуе компаниясының ұшағы құстармен соқтығысты. Компанияның баспасөз қызметі оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуекомпанияның мәліметінше, әуе кемесі 24 қаңтар күні Алматы-Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі кезінде құстармен соқтығысқан. Ұшақ Орал әуежайына қонғаннан кейін әуе кемесін және оның құрамдас бөліктерін тексеру үшін Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберілді.
“Барлық тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін ұшақ пайдалануға жіберіліп, 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал-Алматы бағыты бойынша ұшты. Рейс кідіргендіктен жолаушыларға ыстық сусындар мен тамақ ұсынылды, сондай-ақ сұраныс бойынша 33 жолаушы қонақүйге орналастырылды”, – деп хабарлады әуе компаниясы.
Әуекомпания барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына қатаң сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі маңызды екенін жеткізіп, құстармен соқтығысу тасымалдаушыға тәуелсіз сыртқы факторлардың әсіренен болатын жағдай екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайына қону кезінде ұшақ құстармен соқтығысқан еді.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен