Алматыдағы жарнамалық экранда әлдекімнің WhatsApp хабарламалары ашылып кеткен (видео)
Алматыда әл-Фараби даңғылының бойындағы жарнамалық экранда әлдекімнің WhatsApp хабарламалары ашылып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде LED экранда WhatsApp-тағы жеке хабарламалардың көрсетілген видеосы тарады.
“Жарнамалық экран қуып тұр. Өзі қалпына келтіре алмай жатыр. WhatsApp қосылып кетті. Бұл жауапсыздық деп ойлаймын. Қаншама адам көріп, оқып отыр. Әл-Фарабиде кептелісте тұрып, халық банктің жарнамалық баннерінен біреудің WhatsApp хабарламаларын оқыдық”, – делінген видеода.
“Хабарламада не жазылып тұр еді”, “Алматыда адамдар қандай болып кеткен”, “Соңғы кезде осындай көп болып кетті, үкіметтен бастап”, “Сіздердің назарларыңызды аударуға тырысып жатыр”, – деп пікір білдірді желідегілер.
Еске салайық, Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген еді.
Перзентханада суретке түскен қазақстандық 4 сәби 20 жылдан соң Threads арқылы бір-бірін тапты
Ол төрт баланың 20 жылдан кейін қайта табысуын ерекше оқиға деп санайды
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"